SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы 6 ақпанда ұшырылады. Сондай-ақ, Илон Масктың спорттық көлігінің де Марсқа ұшырылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы 6 ақпанда ұшырылады. Сондай-ақ, Илон Масктың спорттық көлігінің де Марсқа ұшырылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бүгінде ең жаңа әрі ең қуатты зымыран-тасығыш Астана уақыты бойынша сағат 0.30-да Флорида штаты Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылады.
Метеорологтар зымыран ұшыру кезінде ауа райының 80 пайызға қолайлы болатынына уәде береді.
Еске сала кетейік, жақында Илон Маск Instagram желісіндегі парақшасында Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран-тасығыш көрсетілген видеоролик жариялаған болатын.
Айта кетейік, Falcon Heavy Falcon 9 базасында жасалады. Ол басқарылатын Dragon V2 кемесіне тасымалдаушы болады, онымен ғарыштық туристер ай орбитасымен ұшып өтеді. Сонымен қатар, ракета Марсқа Масктың жеке көлігі Tesla Roadster-ді жібереді. Тасымалдаушы 63,8 тонна жүкті жеткізе алады, оны ұшырудың құны - 90-120 миллион доллар.