17 тамыз 2016 09:47

NASA Марсқа ұшатын робот жасаған адамға миллион доллар береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

NASA Марсқа ұшу үшін адамға ұқсас виртуал роботты жасауға байқау жариялады, - деп хабарлайды Lenta.Ru басқарма сайтындағы ақпараттарға сілтеме жасап. 


NASA Марсқа ұшу үшін адамға ұқсас виртуал роботты жасауға байқау жариялады, - деп хабарлайды Lenta.Ru басқарма сайтындағы ақпараттарға сілтеме жасап. 

Сайттағы мәліметтерге сәйкес, бұл байқауға негіз ретінде NASA мамандары жасаған Robonaut 5 (R5) андройды алынып отыр. Жобаға қатысушылар роботтарға қиын және қауіпті тапсырмаларды орындатуға міндеттеледі. Мысалы, қатысушылар нәтижесінде Жермен байланыс үзілетіндей етіп, ғарыш кемесінің бортында төтенше жағдай ұйымдастыруы тиіс.

Басқармадағы мамандардың айтуынша, ғарыштағы температураның төмен болуына және Марстағы қолайсыз жағдайларға осыған дейін жасалған роботтарды қолдану мүмкін болмай отыр. Сондықтан мамандар жобаға қатысушыларға роботты жасағанда оның икемділігіне назар аударуға кеңес берді.

Айта кетейік, байқаудың жеңімпазы 2017 жылдың маусым айында анықталады. Ал оған дейін қаңтар айынан маусым айына дейінгі уақытта сайыстың қорытынды кезеңдері өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети