24 желтоқсан 2015 14:47

Ақтөбелік зейнеткер Аяз Атаға арналған инновациялық асатаяқ ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Diapazon.kz © Diapazon.kz

Ақтөбелік зейнеткер Жаңа жыл мерекесінің алдында Аяз Атаға арналған инновациялық асатаяқ ойлап тапты, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбелік зейнеткер Жаңа жыл мерекесінің алдында Аяз Атаға арналған инновациялық асатаяқ ойлап тапты, - деп хабарлайды "Диапазон".

Дарынды өнертапқыш Сұлтанбек Тәшенов қазір зейнет жасында. Ол Аяз Атаның асатаяғына динамик орнатқан. "Динамиктің қуаты бір кешті өткізуге жеткілікті. Аяз Ата bluetooth арқылы ұялы телефонына өлеңдер, әндер, тіпті дайын сценарий жазып алып, кеште пайдалана алады. Асатаяқтың қуаты екі аптаға жетеді", - деді Тәшенов. Қазір зейнеткер өз өнертабысын патенттеу үшін құжаттар жинап жүр.

Айта кетейік, бұл зейнеткердің алғашқы өнертабысы емес. Бұған дейін ол компас пен радиодан тұратын шопанға арналған асатаяқ ойлап тапқан еді. Сонымен қатар, асатаяқта қойларды санауға арналған есептегіш құрылғы бар. Зейнеткердің айтуынша, асатаяққа намаз уақытын көрсететін сағат та орнатылыпты. Қазір зейнеткер бұл өнертабысын патенттеп алған. Осындай бірнеше асатаяқты ол шенеуніктерге сыйға тартқан екен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети