15 тамыз 2014 | 15:26

"Ақылды" қалалар серкесі Астананы қолға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ernst & Young компаниясының "Ақылды қалаларды" дамыту орталығының атқарушы директоры Билл Хатчисон. Фото - Алтынай Жұмжұмина Ernst & Young компаниясының "Ақылды қалаларды" дамыту орталығының атқарушы директоры Билл Хатчисон. Фото - Алтынай Жұмжұмина

Әлемдегі алдыңғы қатарлы Waterfront Toronto  интеллектуальдық қауымдастығын құрушы, Ernst & Young компаниясының "Ақылды қалаларды" дамыту орталығының атқарушы директоры Билл Хатчисон Астананы қолға алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі алдыңғы қатарлы Waterfront Toronto  интеллектуальдық қауымдастығын құрушы, Ernst & Young компаниясының "Ақылды қалаларды" дамыту орталығының атқарушы директоры Билл Хатчисон Астананы қолға алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астананы алған кезде біз қолданыстағы 1.0 нұсқасындағы "ақылды қала" моделін емес,  "интеллектуальдық қауымдастық" атты 2.0 нұсқасын ұсындық. Бұл арада "ақылды қала" элементтері көрініс табады, тек олар басқалай орналасқан. Осылайша біз үш бағытта - экономикалық, қоршаған орта ("жасыл" мәселесі) және әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыс істейміз. Әрине, біз бұл элементтердің басын біріктіруде түрлі инновациялық процестерді пайдаланатын боламыз" - дейді Астанадағы дәрісінде Хатчисон.

Сарапшының айтуынша, бастысы - қауымдастықтармен өзара байланыс орнату және әріптес болу. "Аталған желі ішіндегі сіздің қатысуыңыздағы негізгі портал - Сіздің үйдегі теледидар. Ол компьютер терминалы іспетті көрінеді, оған бейне түсіруші қондырғы орнатылады" дейді ол.

Қандай да бір қызмет түрін қолданғыңыз келсе, экрандағы белгілі бір белгіні бассаңыз болғаны. Хатчисон үйде отырып дәрігерден бейнебайланыс арқылы қалай кеңес алуға болатынын түсіндірді. "Мұндай жағдайда үкіметтің денсаулық саласына бөлетін шығыны қысқарады, өйткені болашақта үлкен ауруханаларды салудың қажеті болмай қалады" - дейді спикер.

Алайда ол мұндай модель жоғары жылдамдықтағы технологияны қамтитынын айтады, яғни ол коммуникация саласындағы Skype бағдарламасының жылдамдығынан бірнеше есе артық.

Қазір қаланың бүгінгі жағдайы зерделеніп жатыр: тұрғындардан, мемлекеттік органдардан пікір сұралып, семинарлар өткізіліп жатыр. Бұл кезең қыркүйекке дейін жалғасады. Осыдан кейін Астананы "интеллектуальдық қауымдастыққа" айналдырудың үздіксіз жұмыстары басталады.

"Біз қыркүйектен кейін де өз әріптестігімізді жалғастырамыз, өйткені бұл арадағы басты мақсатымыз - 2017 жылға дейін қандай да бір халықаралық жүлдені жұлып алу. 2016 жылы ондай мүмкіндік туып қалуы ықтимал. Өткен жылы президент Астана 2017 жылға дейін әлемдегі 50 "ақылды қала" қатарына ену туралы алға міндет қойды, ал мен Астана одан да жақсы көрсеткішке ие болатындығына сенімдімін, яғни одан да жоғары орынды иемдене алады. Қаланың қаншалықты жылдам дамитындығы және әкімдіктің немесе қала әкімі қаншалықты жаңа инновация енгізуге дайындығы, мәселен денсаулық сақтау, білім саласында, барлығы осыған байланысты. Яғни, бұл арада барлығы қаланың басшылығына байланысты" деп нығырлады Хатчисон. Сөйткен ол Астана әлемнің "ақылды қалалары" жиырмалығына, тіпті ондығына да ену мүмкіндігі барын айтты.

Хатчисон кәсіби қызметінің 25 жылын "ақылды қалаларды"/интеллектуальдық қауымдастықты дамыту саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асырушыларға кеңес беріп, көмектесуге арнаған. Мәселен, Сингапур, Малайзия, Россия, Канада және АҚШ оның көмегіне жүгінген. Соңғы бес жыл бойына ол Waterfront Toronto (құны 34 миллиард долларды құрайтын Торонто болашақ қаласының жобасы) интеллектуалдық қауымдастығын дамыту бағдарламасының атқарушы директоры қызметін атқарып келеді. 2013 жылы қаңтарда Waterfront Toronto интеллектуальдық қауымдастықты дамытудың алдыңғы қатарлы халықаралық бағдарламаларының жетілігіне енді. Ал Торонто әлемдегі алдыңғы қатарлы интеллектуальдық қауымдастық ретінде мойындалды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети