Алматы полиция департаменті қалада іске қосуды жоспарланып отырған тұлға анықтайтын камералар жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полиция департаменті қалада іске қосуды жоспарланып отырған тұлға анықтайтын камералар жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, отандық ойлаптапқыштар өз өнімін құқық қорғау органдарына ұсынған, алайда полиция меморандумға қол қоймаған.
"Компания өз өнімінің таныстырылымында пилоттық жобаны өткізуге және Медеу ауданындағы шағын учаскелердің бірінде жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрсетуге ниет білдірді. Кездесу соңында полиция департаменті меморандумға қол қойған жоқ", - деді қалалық ПД өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін, Алматыда тұлғаның кім екенін анықтайтын Qamqor жүйесі іске қосылатыны айтылды. Отандық ойлаптапқыштардың өнімі тұлғаның кім екенін және нөмірді анықтауға, адамның не көліктің ереже бұзу деректерін әшкерелеуге және жоғалған заттарды табуға мүмкіндік береді. Жасанды сараптамалық интеллект жобасы меморандумға қол қойылғаннан кейін, сондай-ақ белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін іске асырылатын болған.
Медеу ауданындағы шағын учаскелердің бірінде құқықбұзушылықты азайтуға және қылмыстың бетін ашуға мүмкіндік беретін заманауи жүйені іске қосуды жоспарлап отырғаны да айтылған еді.
Негізінде "ақылды камераларды" пилоттық жоба аясында тек Көк базар аумағында орнатылады.