АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды © The Washington Post

АҚШ-та қос қанатының ұзындығы 117 метр болатын Stratolaunch ұшағы көпшілікке таныстырылды, - деп хабарлайды The Washington Post.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та қос қанатының ұзындығы 117 метр болатын Stratolaunch ұшағы көпшілікке таныстырылды, - деп хабарлайды The Washington Post.

"2017 жылдың 31 мамыры, сәрсенбіде Калифорния штатындағы Мохаве шөліндегі ангардан Stratolaunch ұшағы алғаш рет шығарылды. Ол 9,1 мың метрден ғарыш тасығыш зымырандарын ұшыруға арналған", - делінген хабарламада. 

Ұшақтың 28 дөңгелегі мен алты реактив қозғалтқышы бар. Ұшақтың өз салмағы 250 тонна, ал жүк тиелгенде 590 тонна болады. 

Бастапқыда бұл ұшақ бір ғана зымыран таситын болады, ал кейін келе зымырандар саны үшке дейін жетеді. Зымырандарды осындай амалмен ұшыру арзанға түседі екен. Әзірше алғашқы ұшыру 2019 жылға белгіленген. 


© The Washington Post

Ұшақ жолаушылар тасымалына арналмаған. 

Stratolaunch компаниясын америкалық бизнесмен Пол Аллен 2011 жылы құрған болатын. Аллен Microsoft корпорациясының негізін салғандардың бірі. Бизнесмен әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 40-орында тұр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети