Арал теңізінің тартылып қалған бөлігінде емдік қасиеті бар тұщы су табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арал теңізінің тартылып қалған бөлігінде емдік қасиеті бар тұщы су табылды © uza.uz

Өзбек геологтары Арал теңізінің суы тартылған бөлігінде тұщы су бар екенін анықтады, - деп хабарлайды "Ферғана" басылымы УзА агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбек геологтары Арал теңізінің суы тартылған бөлігінде тұщы су бар екенін анықтады, - деп хабарлайды "Ферғана" басылымы УзА агенттігіне сілтеме жасап.

Тұщы су Нүкістен 400 шақырым жерде - Қарақалпақстан астанасында 260-280 метр тереңдікте. Басылымның мәліметінше, тұщы судың емдік қасиеттері бар.

Артезиан құдығының ашылу шарасына Өзбекстанның бірінші вице-премьері Ачилбай Раматов пен Өзбекстанның бас прокуроры Отабек Муродов қатысты. Аудан әкімшілігінің басшысы Сайлаубай Данияров тұщы судың мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ, аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізетінін айтады.

Биыл сол маңдағы аудандарда осыған ұқсас тағы 40 бұлақ көзін ашу жоспарланып отыр. Басылымның мәліметінше, Өзбекстан Оңтүстік Аралдың суы тартылған қалған жерлерін зерттеуге арналған бағдарлама қабылдаған. Онда көрсетілген шаралар 2021-2023 жылдар аралығында жүргізіледі.


© uza.uz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети