Темірлан Нәби.
Сурет оқушының "Вконтакте" аккаунтынан алынды
Астаналық оныншы сынып оқушысы Темірлан Нәби сапасы табиғи балдан еш айырмасы жоқ жасандысын ойлап тауыпты деп хабарлайды 24.кз телеарнасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Тәттінің суық тигенде көмегі мол әрі аллергияны қоздырмайды. Жаңа өнім құрамында су, қант, лимон қышқылы және аздап эфир майы бар. Балдың дәмі суық ментолды еске салады. "Менің балымда зизифор деген эфир майы бар. Оның құрамында зиянды зат жоқ, барлығы да пайдалы. Мысалы, бұл бал суық тигенде көмектесе алады" дейді жоғары сынып оқушысы. Өнертабысын дүниеге әкелу үшін жас химикке бір жылдан астам уақыт керек болыпты. Осы уақыт аралығында ол түрлі сынақ жүргізген. Оқушы еңбегін республикалық комиссия бағалап, олар оқушылар арасында жүргізілген бәйгеде жасанды балды ең үздік ғылыми жоба деп таныған. "Әрине, сапасы жағынан жасанды бал табиғи балға жол беріп қояды. Бірақ оны аллергиясы бар адамдар ыжаһаттылықпен тұтына алады" дейді жасөспірімнің ғылыми жетекшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Қолданбалы химия институтының директоры Ерлан Сүлеймен. Е.Сүлейменнің айтуынша, жасанды балды косметология саласында да пайдалануға болады. Егер құрамын одан әрмен жетілдіре түссе, онда өнім болашақта қымбат импорт балға бәсекелесе алады.
Астаналық оныншы сынып оқушысы Темірлан Нәби сапасы табиғи балдан еш айырмасы жоқ жасандысын ойлап тауыпты деп хабарлайды 24.кз телеарнасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Тәттінің суық тигенде көмегі мол әрі аллергияны қоздырмайды.
Жаңа өнім құрамында су, қант, лимон қышқылы және аздап эфир майы бар. Балдың дәмі суық ментолды еске салады. "Менің балымда зизифор деген эфир майы бар. Оның құрамында зиянды зат жоқ, барлығы да пайдалы. Мысалы, бұл бал суық тигенде көмектесе алады" дейді жоғары сынып оқушысы.
Өнертабысын дүниеге әкелу үшін жас химикке бір жылдан астам уақыт керек болыпты. Осы уақыт аралығында ол түрлі сынақ жүргізген. Оқушы еңбегін республикалық комиссия бағалап, олар оқушылар арасында жүргізілген бәйгеде жасанды балды ең үздік ғылыми жоба деп таныған.
"Әрине, сапасы жағынан жасанды бал табиғи балға жол беріп қояды. Бірақ оны аллергиясы бар адамдар ыжаһаттылықпен тұтына алады" дейді жасөспірімнің ғылыми жетекшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Қолданбалы химия институтының директоры Ерлан Сүлеймен.
Е.Сүлейменнің айтуынша, жасанды балды косметология саласында да пайдалануға болады. Егер құрамын одан әрмен жетілдіре түссе, онда өнім болашақта қымбат импорт балға бәсекелесе алады.