Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа алғашқы сапарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің туын өзімен бірге әкетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ту оның қазақстандық армиядағы ұшу мансабының бастамасы және арманы - ғарышқа ұшуға қол жеткізгенін айқындайтын белгі", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында. Ғарышкерге ту тапсырылды.
Айта кетейік, Айдын Айымбетов 1993 жылы "ұшқыш-инженер" мамандығын алғаннан кейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 21751 әскери бөлімінде қызмет атқарып, МиГ-23 және Л-39 ұшуларды орындады.
2002 жылы ұшқыш Қазақстандық ғарышкерлердің жасағына енгізуге ұсынылған болатын. Ол ғарышкерлікке үміткерлер тобының құрамында даярлыққа кірісті. Үш жылдан соң "ғарышкер-сынаушы" біліктілігін алды. 2014 жылы оған "ҚР ӘӘК полковнигі" әскери атағы берілді.
Айдын Айымбетовтың "Союз ТМА-18 М" кемесінде ғарышқа ұшуы қыркүйектің басына жоспарланып отыр. Қазақстандық ғарышкер Сергей Волков (Ресей ғарышы) және астронавт Андреас Могенсенмен (Еуропа ғарыш агенттігі) бірге Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.