БАӘ-де 50 градус ыстықта жасанды жаңбыр жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ-де 50 градус ыстықта жасанды жаңбыр жауды pixabay.com

БАӘ құрғақ жаз мезгілінде жауын-шашын жаудырудың жаңа технологияларын сынақтан өткізді, бұл туралы "Марказ әл-Асифа" ауа райын болжау порталы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ құрғақ жаз мезгілінде жауын-шашын жаудырудың жаңа технологияларын сынақтан өткізді, бұл туралы "Марказ әл-Асифа" ауа райын болжау порталы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Портал мәліметінше, сәрсенбіден бері Біріккен Араб Әмірліктерінің әртүрлі ауданында жаңбыр 50 градус ыстыққа қарамастан жауып жатыр. 

"БАӘ-дегі Хатта ауылының солтүстігінде, Хаджар тау сілемінде, Вади әл-Хилу, Калба жолы және Хувайлат аудандарында жаңбыр жауды", - деп жазды портал.

Ұлттық метеорологиялық бюро Әбу-Даби әмірлігінің Әл-Айн қаласының маңындағы елді мекендерде жаңбыр жауып, температура 47 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Синоптиктердің хабарына қарағанда, жазда БАӘ-ге жаңбыр Әмірліктерде бұлтты себу бойынша арнайы тәжірибелерден кейін жаңбыр жауған.

БАӘ-нің ыстық және құрғақ жерлерінде билік жаңбыр жаудыру технологияларын белсенді түрде дамытып жатыр, оның ішінде, биыл көктемде жауын-шашын көбеюінің жаңа тәсілдерін сынау басталды. Осыған байланысты Әмірліктер химиялық қосылыстарды пайдаланбай бұлттардағы электр разрядтары арқылы жаңбыр тудыруы мүмкін дрондарды қолдана бастады. Бұл сынақтарды Дубайдағы SANAD академиясы ұлыбританиялық Рединг университетінің ғалымдарымен бірге өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети