"Байқоңыр" айлағына "Союз" зымыраны орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байқоңыр" айлағына "Союз" зымыраны орнатылды "Союз" зымыран тасығышы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ұшыру алаңында. ©REUTERS

"Байқоңыр" ғарыш айлағының сөре алаңына "Союз-2.1А" зымыран тасығышы орнатылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына қажетті жүктерді жеткізеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байқоңыр" ғарыш айлағының сөре алаңына "Союз-2.1А" зымыран тасығышы орнатылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына қажетті жүктерді жеткізеді. 

"Прогресс М-25М" көлік жүк кемесі тиелген зымыран 31-сөре алаңына орнатылды. Мұның алдында ғарыш айлағында зымыранның ұшыруға дайындығы туралы шешім қабылдаған мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

"Союз-2.1А" зымыран тасығышы 29 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 13.09-да ұшырылады. "Прогресс М-25М" кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүкті жеткізеді, олар - орбитаға қажетті отын компоненттері, тағам өнімдері, ғарышкерлерге арналған ауа мен су, ХҒС-ны пайдалануды қамтамасыз етуге арналған ғылыми жабдықтар, басқа да шығындар.

Бұған дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Бриз-М" тарату блогы мен "Экспресс-АМ6" телекоммуникациялық ғарыш аппараты тиелген "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған еді. Телекоммуникациялық аппарат мультисервистік қызметтер пакетін (цифрлық телерадиохабар тарату, телефония, видеоконференция байланысы, мәліметтерді жіберу, Интернетке қосылу) ұсынуға, VSAT желілерін құруға және үкіметтік-президенттік жылжымалы байланыстарды ұсынуға арналған. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети