Байқоңырдан 400-ші "Протон-М" сәтті ұшырылды

©necronom.35photo.ru

Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан 15 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 03.16 кезінде ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы жоспарлы уақытында ұшырылды, - деп хабарлайды ТengrinewsTV тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Протон" зымыран тасығышы осы жылы жетінші рет және шыққан уақытынан бері 400-ші рет ұшырылып отыр. Көтерілу кезінде ешқандай төтенше оқиға болған жоқ. Ресейлік Ямал-401 телекоммуникациялық спутнигінің ұшырылуы бастапқыда екінші желтоқсанға жоспарланған еді. Бірақ оның мерзімі "Астра-2G" Еуропа ғарыш аппаратының ұшу уақыты өзгергендіктен 15 желтоқсанға ауыстырылды. Айта кетейік, Ямал-401 жер серігі Ресей аумағынан және Еуропа мен Азиядағы таяу елдердің аумағынан байланыс және телетаратылым ретрансляциясын қамтамасыз етуі керек болған.

 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама