08 желтоқсан 2014 15:24

"Ямал-401" спутнигі "Байқоңырдан" бір тәулік ерте ұшырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©arms-expo.ru ©arms-expo.ru

15 желтоқсан күні "Ямал-401" спутнигі ұшырылады, бұл ақпаратты РИА Новости-ге Роскосмостың ресми өкілі Ирина Зубарева растады. Демек, спутник ғарықша жоспарланған уақытынан бір тәулікке ерте ұшырылатын болды, бұған дейін БАҚ спутник 16 желтоқсан күні ұшырылады деп хабарлаған еді. 

"Ямал-401" спутнигін Решетнев атындағы "Ақпараттық спутниктік жүйелер" орталығының мамандары ұшуға әзірлеп жатыр. Мұның алдындағы кезеңде жөндеу-сынау корпусында "Протон-М" зымыран тасығышын бас ғарыш бөлігімен түйістіруге әзірлеудің қорытынды операциялары жүргізілген. "Протон-М" зымыран тасығышы "Байқоңырдан" мұның алдында 2014 жылдың 22 қазанында ұшырылды. Орбитаға Ресейдің "Экспресс-АМ6" телекоммуникациялық ғарыш аппараты сәтті шығарылған болатын. 

Айта кетейік, Ресейдің "Газпром ғарыш жүйелері" спутниктік байланыс операторының орбиталық тобының жаңа спутнигі Еуропа мен Азия аумағында байланыс пен телехабар таратудың дабылдарын үздіксіз режимде ретрансляциялауға арналған. Бұған дейін Astra 2G байланыс спутнигі бар "Протон-М" зымыранының "Байқоңырдан" ұшырылуы кейінге қалдырылғаны хабарланған еді. Ол 28 қарашада ұшырылуы керек болды. Енді қай кезде ұшырылатыны әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети