Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Баспана кезегінің нөмірін SMS арқылы тексеруге болады

18 Наурыз 2015, 12:09
1
©siapress.ru
©siapress.ru

Мемлекеттік қордан баспана алу кезегінің нөмірін SMS арқылы білуге болады. Бұл туралы Қазақстанның инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев Twitter желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алудағы кезекті көру үшін тағы бір SMS-қызметін іске қостық. Мәлімет алу үшін "Очередь на жилье" немесе Turgyn uige kezek мәтінін 414 нөміріне жіберу қажет", - деп жазды Жұмағалиев Twitter желісінде.

Вице-министрдің айтуынша, SMS-қызметті қосу үшін өз номеріңді халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе Egov.kz сайтында мобильдік үкіметте тіркеу қажет. Сонымен қатар, ол хабарлама жіберілген кезде тек SMS үшін ғана операторға ақша төленетінін айтты.

Бұған дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы тағы бір SMS-қызметінің қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлаған болатын. Өз автокөлігіңнің техникалық бақылауының жарамдылық мерзімін білу үшін 414 номеріне "Техосмотр" мәтіні мен көліктің мемлекеттік номері жазылған хабарламаны жіберу қажет. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай