07 шілде 2016 10:31

Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет "Союз МС" зымыраны ұшырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. Рамиль Ситдиков © РИА Новости. Рамиль Ситдиков

Бортында Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажы орналасқан "Союз-ФГ" зымыран тасымалдаушысы "Союз МС" түріндегі бірінші модификацияланған ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Союз" зымыраны Астана уақыты бойынша сағат 07.36-да ұшырылды. Екі тәуліктен кейін кеме құрамында ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин, JAXA ғарышкері Такуя Ониши мен NASA ғарышкері Кэтлин Рубинс бар экипажды Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 9 шілдеге (Астана уақыты бойынша сағат 10.12-ге) белгіленді. Ал ғарыш станциясында жаңа экипажды Алексей Овчинин (Ресей), Олег Скрипочка (Ресей) мен Джеффри Уилльямс (АҚШ) күтіп алады.

Осыған дейін, Байқоңырдағы мемлекеттік комиссияның Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажын бекіткені туралы хабарланған болатын. Айта кетейік, жаңа модификацияланған басқарылатын "Союз МС" кемесін "Энергия" ЗҒК "Союз ТМА" кемесін терең модификациялау арқылы өндірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети