24 қаңтар 2014 | 17:31

"Бәйтерек" жобасы бірнеше жылсыз жүзеге аспайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Зенит" зымыран тасығышы: РИА-Новости "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Зенит" зымыран тасығышы: РИА-Новости

"Байқоңыр" ғарыш айлағында ресейлік-украиндік "Зенит" зымыран тасығышын ұшыруға болжанған "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру кем дегенде бірнеше жылдан соң қолға алынуы ықтимал деп хабарлайды БҰҰ-дағы ақпарат көзіне сілтеме жасаған "Интерфакс-АВН" мәлімдейді дейді Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа жобаның іске қосылуының кешеуілдеуіне Қазақстанның Зымыран технологияларын бақылаушы халықаралық режимге мүше болмауы басты себеп, - дейді ол алдындағы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың мәлімдемесіне қатысты пікірінде. "Тіпті, АҚШ-тың ең жақын одақтасы - Корей Республикасы бүгіндері 34 мемлекет қатысатын аталған халықаралық режимге қосылу үшін қажетті процедулардан өтуге бірнеше жылын сарп еткен" дейді агенттікке сұхбат беруші. "Бәйтерекке" қатысты қазақстандық тарап "біз жақсы болғандықтан барлығы үнсіз" деген қағида бойынша әрекет етіп отырған секілді, бірақ бұл олай емес". "Алайда жоба нақты қолға алына бастаған кезде ол Қазкосмостың өзіне, сол секілді Ресей және Украина кәсіпорындарына, тіпті жобаға қатыстылардың барлығына қарсы санкция боп бастарына бұлт үйіріледі". Агенттікке сұхбат беруші бұл ретте 1991 жылғы жағдайды мысалға келтіреді. Ол кезде Зымыран технологияларын бақылаушы халықаралық режимге мүше емес Ресей Үндістанмен криогенді (көмірқышқылы-сутегі) айдағыш блок (зымыран тасығыштың үшінші қабаты) бойынша коммерциялық келісімшарт жасасқан еді. Сол келісімшарт үшін Зымыран технологияларын бақылаушы халықаралық режимге мүше мемлекеттер бірқатар ресейлік кәсіпорынға қарсы бірнеше жыл бойына экономикалық санкция енгізген болатын. "Орыстар ол жағдайды жақсы біледі, бірақ ешнәрсе болмаған сыңайлы түк білмейтін кейіп танытады. Бірақ жоба жүзеге асырыла бастаса, онда олардың шығыны орасан болады" деп санайды ол. Қазіргі заман талаптары жағдайында мұндай шалт қимыл үшін ресейлік зымыран-ғарыш саласындағы кәсіпорындар өздеріне маңызды импорт бөлшектерінен, сол секілді америкалық банк арқылы ақша аударымын жасау мүмкіндігінен айырылады деп ескертеді агенттіктің ақпарат көзі. Алдында Т.Мұсабаев Ресей мен Қазақстан "Зенит" зымыран тасығышын ұшыруға арналған кешенді бірігіп пайдалану мен қызмет көрсету режимі туралы келісіп қойды деп мәлімдеген еді. Демек, олар "Зенит" зымыран-тасығышын қолдану арқылы "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін құру жобасы жөнінде келісіп, оны қағаз жүзінде тіркеп те қойған. Құжатта 2015 жылдың қаңтарында жалға берілген кешен Ресейден Қазақстан иелігіне өтеді, өз кезегінде Қазақстан кешенді ұстап тұру үшін кететін шамамен 10 миллион долларды құрайтын шығынды өз мойынына алады деп көрсетілген дейді ол. Мұсабаевтың бұл мәлімдемесіне қатысты Ресей Федералдық ғарыш агенттігі ешқандай түсініктеме берген жоқ. Зымыран технологияларын бақылаушы халықаралық режимін өнеркәсібі мықты дамыған жеті мемлекеттен тұратын топ (Жетілік тобы) 1987 жылы құрған болатын. Ол зымыран қаруы мен онымен байланысты технологиялардың таралуын шектеуге ұмтылатын мемлекеттер арасындағы бейсаяси келісім болып табылады. Ресей бұл режимге 1995 жылы қосылған. Бастапқыда "Бәйтерек" кешені "Ангара" ресейлік зымыран тасығышын пайдалануда "Байқоңырда" құрылады деп болжанған. Бірақ бірқатар себепке байланысты Қазақстан бұл кешенді салмады. Сондай-ақ Плесецк ғарыш айлағынан алғаш рет көкке көтерілуі тиіс "Ангара" зымыран тасығышының ұшырылуы үнемі кейінге шегеріле берді.Осы жағдайға байланысты Қазақстан "Бәйтерек" кешенін "Зенит" ресейлік-украиндік зымыран тасығышын қолдануда құруды ұсынды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети