Белгілі музыкант Боб Диланға әдебиет бойынша Нобель сыйлығы бұйырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі музыкант Боб Диланға әдебиет бойынша Нобель сыйлығы бұйырды © ТАСС

2016 жылы әдебиет үшін Нобель сыйлығы "ұлы америкалық ән дәстүрінде жаңа поэтикалық сөз өрнектерін салған" белгілі америкалық музыкант Боб Диланға бұйырды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы бейсенбі күні Стокгольмде сыйлықты тағайындауға жауапты Швед академиясы мәлімдеді.

Әдебиет үшін сыйлық XIX ғасыр соңында шведтік кәсіпкер әрі өнертапқыш Альфред Нобель мұра етіп қалдырған бес сыйлықтың бірі. Сыйлықты табыстау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсан Альфред Нобельдің көз жұмған күні Стокгольмде өтеді. 2016 жылы әр сыйлықтың құны 8 миллион швед кронын (932 мың АҚШ долларын) құрап отыр.

Швед академиясының негізін 1786 жылы король Густав III франциялық академияның үлгісінде, швед тілі мен әдебиетін қолдау үшін негізін салған. Академия құрамында - академияның тұрақты мүшелерінің дауыс беруі арқылы өмір бойына сайланатын 18 мүшесі бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети