Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Тунис саясаткерлеріне берілді

09 Қазан 2015, 15:26
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Бейбітшілік саласындағы 2015 жылғы Нобель сыйлығы "Тунистегі ұлттық диалог квартеті" ұйымына берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Ослода Норвег Нобель комитетінің төрағасы Куллманн Фиве жария етті.

Сыйлықтың Тунистегі ұлттық диалог квартетіне "2011 жылғы Жасмин көтерілісінен кейін плюралистік демократияны құруға қосқан үлесі үшін" берілгені хабарланып отыр. Ұйым 2013 жылы, демократияландыру процесі саяси кісі өлтіру оқиғалары мен әлеуметтік сөз сөйлеулердің толқынынан кейін қауіп алдында болған кезде құрылған еді. 

Швед өнертапқышы Альфред Нобельдің қалауы бойынша, бейбітшілікті нығайтудағы сыйлық Стокгольмде емес, Ослода анықталып, берілетін бес сыйлықтың бірі. Еске салайық, лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, швед кәсіпкері әрі өнертапқышы Альфред Нобельдің қайтыс болғаны күні өтеді. 2015 жылы әр сыйлықтың көлемі 8 миллион швед кроны (953 мың АҚШ доллары).


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай