Бортында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және ЕҒА астронавты бар "Союз ТМА-18М" кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бортында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және ЕҒА астронавты бар "Союз ТМА-18М" кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғарыш кемесімен түйісу сәтін Роскосмос сайты тікелей таратты. Түйісу штатты, автоматты режимде өтті. Автоматты түйісу кезінде экипаж мүшелерінің көмегі қажет болған жоқ. Кеме ХҒС-ға штатты байланды.
Айта кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар.
Ұшар алдында ғарышкерлер жақындарымен қоштасты. Ұшуға бірнеше сағат қалғанда экипаж Росғарыш басшысы Игорь Комаровқа ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді. Осыған дейін Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен "Земляне" тобының әнімен Байқоңыр қаласындағы "Космонавт" қонақүйінен шығып, "жұлдызды" автобуспен "Энергия" корпорациясының монтаж-сынақ корпусына дейін барды. Онда олар скафандрларын киді. Дайындық жайлы есеп берілгеннен кейін ғарышкерлер ғарыш кемесіне отыруға аттанды.