"Джеймс Уэбб" телескопы ғарыштан бірінші белгі алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: NASA Фото: NASA

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) "Джеймс Уэбб" телескопы 38 күн өткесін ғарыштан алғашқы белгі алғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad-қа сілтеме жасай отырып.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) "Джеймс Уэбб" телескопы 38 күн өткесін ғарыштан алғашқы белгі алғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad-қа сілтеме жасай отырып.

Зерттеушілер "Джеймс Уэбб" ғарыш телескопы 6,5 метр айна сегменттерін туралаудың үш айлық процесін бастаған кезде мамандар бүкіл телескоп арқылы өткен әрі инфрақызыл камера (NIRCam) арқылы анықталған алғашқы жұлдыз фотондарын көрді.

"Бұл кезең - телескопты дәл баптау үшін қолданылатын кескіндерді алуға арналған қадамдардың алғашқысы. Бұл - процестің бастамасы, бірақ әзірге нәтижелер тек күтумен шектеледі", - деді NASA қызметкері.

Ғарыш телескопы көмегімен Ball Aerospace компаниясы, ғарышты зерттеу институтының және Годдард ғарышқа ұшу орталығының инженерлері мен ғалымдары осы деректерді телескопты біртіндеп теңестіру үшін пайдаланады.

ESA

Процесс келесі 3 ай ішінде 7 кезеңнен тұрады деп жоспарланып отыр. Ал оның нәтижесінде телескоп толық тураланады. "Джеймс Уэббтің" суреттері басында жақсы болмаған, бірақ уақыт өте келе ғалымдар телескопты дұрыстаған. Тағы бір телескоп - Хаббл. Ол да басында әдемі суреттер бере алмаған. Уақыт өте келе суреттер жақсара бастаған.

Еске салайық, 2021 жылы 25 желтоқсанда NASA "келесі онжылдықтағы ғарыш ғылымының негізгі обсерваториясы" деп сипаттаған 9 миллиард доллар тұратын "Джеймс Уэбб" телескопы "Ариан-5" зымыраны көмегімен Куру ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Алғашқы ғылыми зерттеулер 2022 жылдың жазында басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro