Дрондар адам тасымалдайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дрондар адам тасымалдайтын болады © Евгений Епанчинцев / РИА Новости

"Ресей тікұшақтары" құрастыру бюросында салмағы 300 келі, 70 келіге дейінгі жүкті тасымалдай алатын дрон жасалады, деп хабарлады Lenta.ru порталы мемлекеттік сатып алулар сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ресей тікұшақтары" құрастыру бюросында салмағы 300 келі, 70 келіге дейінгі жүкті тасымалдай алатын дрон жасалады, деп хабарлады Lenta.ru порталы мемлекеттік сатып алулар сайтына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, дрон ұшқышсыз және жерде тұрып мобильдік басқару пункті арқылы басқарумен және бақылаумен қамтамасыз етіледі. Ол ұшу-техникалық сипаттамаға сай және салмағы 300 келіге дейін болуы керек. Ұшудың ұзақтығы - алты сағат, максималды жылдамдығы - сағатына 180 шақырым.

"Құрылғы күндіз де, түнде де, түрлі метеорологиялық құбылыстарға қарамастан, жылдың кез келген мезгілінде, жер талғамастан, минус 40 градустан плюс 50 градусқа дейінгі ауа райында пайдалануға үнемі дайын болуы тиіс", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, жаңа дронның зерттеу жұмыстары 2018 жылдың шілдесіне дейін жүргізілуі тиіс. Дрон 2019 жылдың қаңтарына дейін сынақтан өтеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құны шамамен 395 миллион рубль.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети