23 маусым 2014 | 18:59

Ғаламтор арқылы келген сәлемдемені иесіне тапсыру үшін постаматтар орнатыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда постамат құрылғылар орнатыла бастады. Фото ©Алишер Ахметов Алматыда постамат құрылғылар орнатыла бастады. Фото ©Алишер Ахметов

Алматыда ғаламтор арқылы келген сәлемдемелерді иесіне беру үшін арнайы постамат құрылғылар орнатыла бастады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне пошталық компанияның басқарушы директоры Иван Киричек.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ғаламтор арқылы келген сәлемдемелерді иесіне беру үшін арнайы постамат құрылғылар орнатыла бастады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне пошталық компанияның басқарушы директоры Иван Киричек.

Сәлем-сауқат иесіне берілуі үшін постаматтарға автоматтандырылған терминал жүйесі орнатылады.  Мысалы, интернет-дүкендер арқылы қандайда бір затқа тапсырыс беруші ол затты алу үшін арнайы код алады. Ол осы код арқылы ұяшықты ашып өзіне тиесілі тауарды ала алады.

Киричек мырзаның мәлімдеуінше, қалада бірінші кезеңде 17 постамат құрылғысы орнатылады. Ол постаматтар қаладағы ірі сауда орындарына қойылады. Бұл жүйе Алматыда 25 маусымнан бастап жұмыс істей бастайды.

Болашақта мұндай аппараттарды Қазақстанның басқа аймақтарына да орнату жоспарланып отыр. Астанада екі аптаның ішінде мұндай 10 аппарат орнату ойда бар. Ал жалпы жартыжылдық межеде елімізде 300-ге жуық постамат құрылғыларын орнату көзделуде. 

Сәлемдеме аталмыш аппаратта екі күн сақталады. Тапсырыс беруші өзіне сәлемдеме келіп, постамат құрылғыға жеткізілгенін телефоны арқылы келген хабарламадан біледі. Хабарлама арқылы постаматтың арнайы коды қоса жіберіледі. Осы код арқылы тапсырыс беруші постаматты ашып өзінің сәлемдемесін ала алады.

"Постаматтарды біз клиенттер үнемі келетін сауда орындарына орнатуға тырыстық. Осы арқылы сәлемдемеге тапсырыс берушінің  сауда жасауға келіп те сәлемдемені алуына мүмкіндігі болады" - дейді Киричек.

Постаматқа тауарды жеткізу құны шамамен 350-400 теңгені құрайды. Ал тауардың құрылғыға сыйымдылығы 50*45*50 см болуы тиіс. Жалпы, 2015 жылдың маусым айына  дейін постамат құрылғы арқылы миллионға жуық сәлемдеме тарату жоспарда бар. Ол үшін Алматы қаласы бойынша мұндай аппараттың саны 1,5 мыңға жетуі қажет.

Ал нарықтағы бәсекелес компаниялардың бірін басқарушы Мейіржан Жанқұразовтың айтуынша, олардың қалаға орнатқан постаматтарының саны 20-ға жеткен. "Таяу арада қалада тағы да 25 аппарат, Қарағанды мен Астанада тамыз айының соңына дейін 5 аппарат орнату жоспарда бар. Қазір құрылғыларды қаланың қай жеріне орнату жайы талқыға салынуда" - дейді ол.

Айта кету керек, бұған қоса "Қазпошта" АҚ биыл Алматыда 18 постамат және жылдың екінші жартысына қарай Астана мен Қарағандыда аталмыш құрылғыны орнатуды ойластырып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети