Америкалық ғалымдар Луис Анкордоки, Сусанна Вебер, Хорхе Сориано Құс жолы галактикасында бөгдеғаламшарлықтар өркениеті барын анықтағанын мәлімдеді. Ғалымдардың пікірінше, олар адамдармен байланысқа шыға алады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Мамандар Дрейк теңдеуін жетілдірген, ол бойынша теңдеудің бір жағында жеті көбейткіштің туындысы, ал екінші жағында - бөгде ғаламшар өркениеттері бар.
Ғалымдар Күннен он килопарсек қашықтықта (бұл Құс жолының аумағымен тең) адамдармен байланысқа шыға алатын кемінде бір бөгдеғаламшарлық өркениет барын галактикалық ауқымда көрсетті.
Зерттеу бойынша, байланысқа шыға алатын бөгде ғаламшар өркениеттері аспан денелерінің пайда болуымен байланысты. Тек аспан денелері жаралған жұлдыздың маңайында болуы керек. Өз кезегінде гамма сәулелер тіршілікке қауіп төндіреді екен.
Мамандардың пікірінше, ұшыруға дайындалып жатқан TESS (Transiting Exoplanet Survey Satellite) және JWST (James Webbb Space Telescope) ғарыш обсерваториялары зерттеу қорытындысын тексеруге септігін тигізеді.