25 шілде 2015 12:12

Ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа ұшуға әзірлік үстінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Хабар" кадры ©"Хабар" кадры

Ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов космосты бағындырамын деген мақсатын бұлжытпай орындау үшін мүлтіксіз дайындық жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Ол осымен екінші ай Мәскеу қаласында біліктілігін шыңдап жатыр. 


Ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов космосты бағындырамын деген мақсатын бұлжытпай орындау үшін мүлтіксіз дайындық жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Ол осымен екінші ай Мәскеу қаласында біліктілігін шыңдап жатыр. 

"Союз" кемесі қыркүйектің бірінде ғарышқа жол тартады. Жауапты сынға тура бір ай, 6 күн уақыт қалды. Айымбетов күніне 9 сағаттан демалыссыз жаттығу үстінде. Халықаралық ғарыш станциясының америкалық сегменті бойынша сынақтарды сәтті тапсырған қазақстандық ғарышкер, ресейлік орталықтың да тапсырмаларын мұқият меңгеріп жатыр. 

Мәскеудеге дайындық үш аптаға созылады. Тамыздың 19-ы күні Айымбетовтың экипажы Байқоңырға ұшады. Онда ғарышқа әзірліктің соңғы кезеңі жүргізіледі. Ырымға сенетін полковник Айдын Айымбетов алдын ала авторлық қолтаңба бермейтінін айтады. Ал тылсымға толы ғарышқа аттанғанда өзімен бірге кіші қызының өз қолымен тіккен ойыншығын ала кетпек. Ғарышкер оны жер бетіне аман-есен оралатынының нышанындай көреді. 

Айдын Айымбетовтің айтуынша, ол ғарышқа ұшуға ұзақ жылдар бойы талпынған. "Ұзақ жылдар бойы талпынып, ойға алған жоспарыңды жүзеге асырғалы тұрғанда әрине толқисың. Бір жағынан кеудемді қуаныш, мақтаныш та кернейді. Ал ең бастысы - бүкіл бір елдің атынан ұшатындықтан, үлкен жауапкершілік. Елімнің сенімін ақтап, абыройын көтергім келеді әрине", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети