Ғарыштағы сенсация: SpaceX зымыранды қайта ұшырды

31 Наурыз 2017, 09:39
0
Ғарыштағы сенсация: SpaceX зымыранды қайта ұшырды - spacex.com
spacex.com

Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы тарихта тұңғыш рет осыған дейін ұшқан тасығыш зымыранды ғарышқа қайта шығарды. 30 наурызда Falcon 9 зымыраны Флоридадағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. Содан ол Жерге қайтып келіп, Атлант мұхитындағы платформаға қонды. Осылайша, Falcon 9 зымыраны алғашқы көпмәртелік орбиталдық ракета болды. Зымыранның ұшырылған және қонған сәтінің трансляциясын SpaceX компаниясы өз сайтында жүргізді.

Илон Маск осыған дейін ұшқан Falcon 9 зымыранының қайтадан ұшуы мен қонуын сәтті өтті деп атады. Ол оны "ғарыш индустриясындағы революция" деп атады. "Тамаша күн, бұл бүкіл ғарыш индустриясы үшін тамаша күн. Ғарыштық ұшудағы үлкен революция: сіз тасығыш зымыранды қайтадан ұшыра аласыз", - деп келтіреді Илон Масктың сөзін РИА Новости.

Сондай-ақ, кәсіпкер SpaceX компаниясының осы жобамен 15 жыл жұмыс істегенін айтып өтті. Оның айтуынша, компаниядағылар көпшілік мүмкін емес деп ойлайтын шындықты дәлелдей алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай