Ғарышкерлері бар "Союз" Қазақстан аумағына сәтті қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышкерлері бар "Союз" Қазақстан аумағына сәтті қонды "Союз" ғарыш кемесінің капсуласы. ©REUTERS

Халықаралық ғарыш станциясынан оралған экипажы бар "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстанның белгіленген ауданына қонды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық ғарыш станциясынан оралған экипажы бар "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстанның белгіленген ауданына қонды, - деп хабарлайды РИА Новости

Ғарыш кемесі Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтыққа қонды. Іздестіру-құтқару тобының жауынгерлері Жерге оралған ғарышкерлерді аппараттан шығарды, олардың жағдайы қалыпты. "Союздың" қонуы кезінде 200-ге жуық әскери қызметші, 14 Ми-8 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және жол талғамайтын алты автотехника қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Жерге Халықаралық ғарыш станциясында 170 тәулік уақыт өткізген Александр Скворцов пен Олег Артемьев және НАСА астронавты Стивен Суонсон оралды. ХҒС бортында ресейлік Максим Сураев, америкалық Рид Уайсмен және еуропалық Александр Герст қалды.

"Байқоңырдан" ғарышқа келесі жаңа экспедиция 26 қыркүйекте "Союз ТМА-14М" кемесімен аттанады. Экипаж мүшелері - Ресей ғарышкерлері Александр Самокутяев, Елена Серова және НАСА астронавты Барри Уилмор. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети