Илон Маск дулыға пішіндес тостерін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск дулыға пішіндес тостерін көрсетті © AP Photo / Mark Lennihan

SpaceX пен Tesla негізін салушы Илон Маск Instagram парақшасында өзінің жаңа тостерінің суретін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

SpaceX пен Tesla негізін салушы Илон Маск Instagram парақшасында өзінің жаңа тостерінің суретін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

Тостердің пішіні режиссер Джордж Лукастың "Жұлдыздар шайқасы" фильміндегі Дарт Вейдердің дулығасы іспеттес.

"Менің жаңа тостерім", - деп жазды Маск әлеуметтік желідегі суретінің астына.

Айта кетейік, тостер әзірленген нанда Star Wars (Жұлдыздар шайқасы - Авт.) деген жазбаны қалдырады.

Instagram қолданушыларының көпшілігі оларда да дәл сондай тостердің бар екенін жазды. Тағы біреулері Маскқа Falcon Heavy тасығыш-зымыранымен ғарышқа ұшқан Tesla Roadster кабриолеті сияқты тұрмыстық аспап шығарып, ғарышқа жіберуді ұсынды.

 

My new toaster

Публикация от Elon Musk (@elonmusk)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети