Илон Маск Марсқа өлімшілерді жібереді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Илон Маск. © REUTERS Илон Маск. © REUTERS

Кәсіпкер және SpaceX компаниясының негізін қалаған Илон Маск Марстың тұңғыш отарлаушыларының өлуі мүмкін екенін теріске шығармады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкер және SpaceX компаниясының негізін қалаған Илон Маск Марстың тұңғыш отарлаушыларының өлуі мүмкін екенін теріске шығармады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Маск адамдардың Марста қоныстануын ағылшындардың Солтүстік Американы игеруімен салыстырды. Кәсіпкер Марсты басып алуды қалайтындардың табылатынына сенімді. Себебі, ағылшын отарлары сияқты алғаш болуға ұмтылатын адамдар әрқашан табылады. Масктың айтуынша, бұл отарлау өте қауіпті болуы мүмкін.

"Бұл қауіпті, мүмкін енді адамдарға олардың өлімі туралы ескертілетін шығар. Осылайша олар Марсқа баратын жол мен осы ғаламшарда өмір сүруді қауіпсіз ете алады. Бірақ бұл сонау болашақта болуы мүмкін", - деп мәлімдеді кәсіпкер.

Айта кетейік, Маск 2018 жылы Марсқа Flying Dragon 2 зымыраны мен 2024 жылы ғаламшарға алғашқы адамды жібермекші. Аппарат жеті адамды тасымалдай алатын болады. Айта кетейік, Марсқа жету үшін 18 ай ұшу керек екен. "Мен Марсқа осы жолмен ұшуға кеңес бермес едім. Себебі, ол ұзақ уақытты алады және қайтадан Жерге оралуға мүмкіндік болмайды. Біз бұл туралы кішкентай қаріппен жазып отырмыз", - деп әзілдеді Маск. Сонымен қатар, ол егер өлетін жер іздейтін болсаңыз, онда Марс жақсы таңдау болатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro