Илон Маск Tesla Roadster автомобилі мен Falcon Heavy зымыранын ұшыру кезінде түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск Tesla Roadster автомобилі мен Falcon Heavy зымыранын ұшыру кезінде түсірілген видеоны жариялады Видеодан алынған кадр

Илон Маск Falcon Heavy зымыранын ұшыру кезінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск Falcon Heavy зымыранын ұшыру кезінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

Америкалық SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск ішінде Tesla Roadster автомобилі бар Falcon Heavy зымыранын ұшыру кезінде түсірілген видеоны Twitter желісінде жариялады.  

"Неліктен Falcon Heavy және Starman (автомобиль рулінде отырған манекен - ред.)? Өмір бірінен кейін бірі шығатын зеріктіретін проблемалардың шешімі ғана бола алмайды. Онда сізді шабыттандыратын, таңертең соның арқасында қуанып оянатын және адамзаттың бір бөлшегі болатын нәрселер болуы керек. Міне біз мұны не үшін істедік. Біз мұны сіздер үшін жасадық", - деп жазды Маск Twitter парақшасында. 

The Verge басылымының мәліметінше, видеоны Масктың досы түсірген, ол режиссер Джонатан Нолан. "Бұл фильмнің трейлері емес. Бұл телешоуға арналған трейлер емес. Біз бұл трейлер адамзат тарихының келесі тарауының бір бөліміне арналған трейлер болады деп үміттенеміз", - деді Нолан, жыл сайын өтетін South by Southwest фестивалінде тұңғыш рет өз видеоролигін көрермендерге ұсынып.

Айта кетейік, роликте көпшілік әлі көрмеген кадрлар бар. Зымыран биыл ақпан айының басында Канаверал (Флорида штаты, АҚШ) ғарыш айлағынан ұшырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети