Ержан есімді Интернет қолданушысы Google Maps сервисі арқылы Атырау облысының аумағынан "қызыл түсті белгісіз қанды көл" тапты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz редакциясына хабарлады.
Ержан есімді Интернет қолданушысы Google Maps сервисі арқылы Атырау облысының аумағынан "қызыл түсті белгісіз қанды көл" тапты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz редакциясына хабарлады.
Картадан көлдің Құлсары қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым қашықтықта орналасқанын байқауға болады. Нысанның координаты: 46°27'49"N 53°51'14"E. Wikimapia.org сайтындағы сілтемесі.
Google Maps (Google картасы) - Google компаниясының 2005 жылы шығарған қосымшасы. Сервис карта мен Жер ғаламшарының ғарыштан түсірілген суреттерін ұсынады. Көптеген тұрғындар жоғары сапалы аэрофотосуреттерді көруге мүмкіндік алған.