iPhone-ға қазақша клавиатура жасалады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Nytimes.com ©Nytimes.com

Сарань кәсіпкері (Қарағанды облысы) Бауыржан Мұқатаев жаңа Apple iOS 8 операциялық жүйесіне қазақша клавиатура жасауға бел буды. Мобильдік қосымшаны ол AppStore ресми интернет-дүкенінде сатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сарань кәсіпкері (Қарағанды облысы) Бауыржан Мұқатаев жаңа Apple iOS 8 операциялық жүйесіне қазақша клавиатура жасауға бел буды. Мобильдік қосымшаны ол AppStore ресми интернет-дүкенінде сатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Сәрсенбі күні өңір әкімі Нұрмұхамед Әбдібековтің қатысуымен өткен отырыста кәсіпкер өз ойын іске асыру үшін бір миллион теңге грант сұрады. "Менің жобамның мәні мынада. iPhone бастапқы кезден қазақ тілінін танымайды, яғни қазақша жаза алмайсыз, хабарлама жіберіп немесе интернетте хат-хабар алмаса алмайсыз. Менің мобильдік қосымшам бұған мүмкіндік береді, клавиатура операциялық жүйе деңгейінде жұмыс істейтін болады", - деді Мұқатаев. 

Оның айтуынша,  iOS 8 шыққан соң Apple компаниясы құрастырушыларға операциялық жүйе негізінде қосымшалар жасауға рұқсат берді. "Сегізінші нұсқаға дейін мұны жасауға тыйым салды. Ал негізінде мен бұл қосымшаны ертеректе жасап қоятын едім", - деп жауап берді кәсіпкер әкімнің мұндай қосымшаны шығару заңды түрде жүзеге асыру жағдайы туралы сұрағына.

"Егер солай болса, онда бұл жақсы. Біз қарсы шықпаймыз, тек ертең миллиардтаған сомаға татитын үлкен қақтығыстар болып қалмауы үшін ескертіп отырмыз. Егер бұл мүмкін болса, әрине жасаңыз. Бірақ ескертеміз, қарама-қайшылықтар болып қалып жүрмесін. Бізде он жыл бұрын оқиға болған. Қазақстандық жігіттер, бірі бағдарлама жасаушы, екіншісі заңгер бүлдірген. Бағдарлама жасаушы бір белгілі жүйенің әлсіз тұстарын тауып, олар компанияға жүйедегі сол қателіктерін сатқысы келген. Компания оларды Нью-Йоркқа шақырады. Онда біздің пысықтарды ұстайды, дау жер-әлемге таралады. Оларды қамайды. Сіз мұндай жағдайға дайын болыңыз. Apple шақырып алады да, ұстап алады. Біз болсақ бір ақылды адам табылды екен деп ойлап отырмайық", - деп әзілдеді Қарағанды әкімі.  

Айта кетейік,  iTunes Store онлайн-дүкенінде "Казахская клавиатура" аталатын бір қосымша бар. Оны Grigori Jlavyan есімді адам жасаған. Қосымша сипаттамасында оның iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларына арналып, iOS 6.1 және одан ескі жүйелеріне сәйкес келетіні жазылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro