Жаңа KazSat жерсерігіне шамамен 40 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа KazSat жерсерігіне шамамен 40 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бүгінде жерсерігінің бейнесіне сәйкес келетін техникалық-экономикалық негіздеумен айналысып жатырмыз, содан кейін қажетті конкурстық шаралары басталады. ТЭН бойынша - шамамен 40 миллиард теңге. Бұл жер серігінің қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жер үсті жүйелерімен байланысты кететін шығындар", - деді Асқар Жұмағалиев.
Министр құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейін конкурс жарияланатынын, одан кейін бас мердігер анықталатынын айтты.
2018 жылы 4 желтоқсанда Калифорниядағы ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран-тасығышында екі қазақстандық - микроспутник KazSTSat және наноспутник KazSciSat-1 құрылғылары ұшырылды және іске қосылды.