18 сәуір 2019 | 14:18

Жауынгерлік роботтары. Халықаралық сарапшылар "жауынгерлік роботтарына" тосқауыл қоюды қолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның ядролық қарусыздандыру мен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша стратегиялық бастамалары аясында "Летальді әсері бар қарудың автономды жүйелері: алдын-ала тосқауыл қою" атты аймақтық конференция өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Халықаралық қауіпсіздік және саясат баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның ядролық қарусыздандыру мен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша стратегиялық бастамалары аясында "Летальді әсері бар қарудың автономды жүйелері: алдын-ала тосқауыл қою" атты аймақтық конференция өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Халықаралық қауіпсіздік және саясат баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараны Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы (Center for International Security and Policy (Қазақстан) және "Жауынгерлік роботтарына тыйым салу кампаниясы" Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық коалициясы (Campaign to Stop Killer Robots www.stopkillerrobots.org) болып табылады.

Жиын барысында Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Молдова, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің сарапшылары летальді әсері бар қарудың автономды жүйелеріне алдын-ала тосқауыл қою мәселелерін талқылады.

Соңғы онжылдықтарда технологияның қарқынды дамуы әскери қимылдардың бағытын өзгертіп, жаңа гуманитарлық әрі құқықтық мәселелер мен қару автономиясының жаңа дәуірін ашты.

Бүгінде кейбір жоғары технологиялық мемлекеттер адамның қатынасуынсыз кез-келген нүктені таңдап, соққы жасай алатын толықтай автономды қаруларды жасауда. Қарудың бұл жүйесі халықты қорғау мен халықаралық адам құқығы және гуманитарлық құқық саласында күрделі мәселеге айналып, үлкен қатер тудырып жатыр. 

"Толықтай автономды қару-жарақты жасау көптеген моральді, этикалық, техникалық, құқықтық және қауіпсіздік мәселелерін қозғайды. Мұндай қаруларды адам тағыдырын сеніп тапсыру - негізгі адами қасиеттерден атап өтумен тең", - деді өз сөзінде Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры (CISP) Әлімжан Ахметов.

Оның айтуынша, адами ойлану мен түйсінуден жұрдай роботтар динамикалық соғыс алаңында этикалық шешімдер қабылдай алмайды.

"Мұндай жүйелерді пайдалану роботтардың іс-әрекетіне кім жауап береді деген заңнамалық сұрақ бойынша қиындықтар туғызады: қолбасшы, программист, жасаушы, әлде роботтың өзі ме? Ал, қарудың мұндай түрін жасау мен тарату халықаралық қауіпсіздікті тұрақсыздандырып, жаһандық қарулану жарысына жол ашады", - деді Ахметов.

Қазіргі уақытта БҰҰ алаңында адами емес қару Конвенциясы аясында осы мәселе бойынша БҰҰ-ға мүше-мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу үшін үкіметтік сарапшылар Тобы жұмыс істеп жатыр. 

Жауынгерлік роботтарына тыйым салуды қолдайтын белсенді мемлекеттер (Австрия, Бразилия, Чили, және тб, барлығы - 28 мемлекет) автономды түрде іске қосылатын қару түрлеріне заңнамалық түрде бақылауды күшейту бойынша келіссөзді тезірек бастауға шақыруда.

2018 жылы Бельгияда қарудың мұндай түрін қолдануға шектеу қою туралы парламенттік резолюция шыққан болатын. Google компаниясы қаруландыру жүйесіне арналған жасанды интеллекті әзірлеу мен жобаламауды өзіне міндет қылса, 200-ден астам технологиялық мекеме мен топтар автономды қару жасамауға уәде берді.

Ал, 2018 жылы өткен веб-саммитте БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш адам өмірін қиюды ғана жоспарлайтын қарудың автономды жүйелеріне шектеу қойылу керектігін айтты. БҰҰ Бас хатшысы осы тектес күштерге шектеу қою бойынша жаңа шараларды әзірлеуде мемлекеттерге қолдау көрсететінін жеткізді.

Қазақстанда аймақтық конференцияны өткізудегі басты мақсат - осы мәселедегі біліктілікті арттыру, сонымен қатар, өңір мемлекеттерінің ұлттық ұстанымын айқындауға септік жасау.

Ертең аймақтық конференцияға қатысушылар летальді әсері бар қарудың автономды жүйелеріне қатысты заңнамалық, техникалық және этикалық мәселелерді талқылайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети