Қарағандылық студенттер қала көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған "лазер жолын" орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағандылық студенттер қала көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған "лазер жолын" орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаяу жүргіншілерге арналған лазер жол идеясы жолдың екі жағында орнатылған лазерлі жүйеге негізделген. Бағдаршамда қызыл түс жанған кезде жүйе автоматты түрде қосылып, адамның жүріп бара жатқан бейнесі пайда болады. "Бұл сурет жүргізушілердің назарын еріксіз аударады", - деді студенттер.
Айта кетейік, мұндай лазер жолдар Ресейдің бірнеше қаласында қолданысқа енгізіліп үлгерді. Олар бұрын-соңды жол-көлік оқиғасы көп болған жерлерге орнатылды. Қарағандылық студенттер мұндай жүйені Жаңа базар маңына орнатуды ұсынды.