Карантиннен кейін қандай киім сәнге айналды? Стилист жауап берді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 1951 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: pinterest.ru Көрнекі сурет: pinterest.ru

Әйелдер қауымы кез келген маусымда сәннен қалмауды құп көреді. Сән - тұрақсыз нәрсе. Өйткені кез келген маусымда трендке айналған нәрсе келесі маусымда сәннен шығып қалуы әбден мүмкін. Сәннен қалмау үшін не сәнді, не сәнсіз екенін біліп жүру артық етпейді. Tengrinews.kz тілшісі стилист Айдана Әмірбекпен сөйлесіп, антитренд киімдердің тізімін жасап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әйелдер қауымы кез келген маусымда сәннен қалмауды құп көреді. Сән - тұрақсыз нәрсе. Өйткені кез келген маусымда трендке айналған нәрсе келесі маусымда сәннен шығып қалуы әбден мүмкін. Сәннен қалмау үшін не сәнді, не сәнсіз екенін біліп жүру артық етпейді. Tengrinews.kz тілшісі стилист Айдана Әмірбекпен сөйлесіп, антитренд киімдердің тізімін жасап көрді.

Қазір сұлулық, сән, нәзіктік денеге жабысып тұратын киіммен өлшенбейді. Керісінше қазір трендте барынша табиғи болу, асыра сілтемеу, киімнің ыңғайлы әрі кең болуы. Дегенмен тым кең кию де дұрыс емес. Стилистің айтуынша, денеге жабысып тұратын кез келген киім үлгісі сәннен шығып қалған. Соның бірі - жейде. 

"Денеге жабысып тұратын киімнің бәрі сәннен кеткен. Өйткені киім мен дене арасы бос болуы, ауа болуы қажет. Киім дене пішініне сай келуі дұрыс емес. Мәселен суреттегі жейде қазіргі заманауи трендке сай емес. Денеге шақ болып тұр. Белден сәл түсіп тұрса, кеңдеу болса, дұрыс", - деді маман.

Көрнекі сурет: pinterest.ru

Сән әлемі үнемі өзгеріп отырады. Бұл ресми стильдегі киім үлгілеріне де қатысты. Стилист бұл бағыттағы киімдерде артық дүние болуы дұрыс емес екенін түсіндірді.

"Блейзердің де жеңі ұзын болуы қажет. Жеңі түрілген, қысқартылған блейзерлер әлдеқашан сәннен шығып қалды. Ол толық ұзындықта, кең өлшемді болуы керек", - деді ол.

Көрнекі сурет: pinterest.ru 

Шалбарлар да - тез сәннен шығып қалатын киімнің бірі. Мәселен, жыртық шалбар, скинни осы қатарда. Джинсы-банан да дәл солай, өйткені ол артық салмақ қосып тұрады.

Көрнекі сурет: pinterest.ru 

Антитренд киімдер қатарында тоқыма көйлектер де бар. Сонымен қатар, гардеробты жасыл түсті киімдермен толтырмаған дұрыс. Өйткені дұрыс таңдалған киімнің түсі де маңызды саналады.

Көрнекі сурет: pinterest.ru 

Сәтті таңдалған аяқ киім образыңызды одан әрі айшықтай түседі. Биік өкшелі бәтеңкелер, туфлилер сәнді емес. Кез келген кешке, мерекеге немесе күнделікті өмірде дәл осы стильдегі аяқ киімді таңдау дұрыс емес.

"Карантинен кейін киім ыңғайлы болуы маңызды саналды. Сондықтан денеге шақ болып тұратын киім, биік аяқ киім антитрендке айналды. Өйткені сән үлгісіне экономикалық жағдай, сыртқы факторлар да әсер етеді", - деп түсіндірді стилист. 

Көрнекі сурет: pinterest.ru 

Сүйкімді көрінетін моншақ шаш қыстырғыштар бірнеше маусым бойы қыздардың ең сүйікті аксессуарларының бірі болды. Қыздар оны кез келген шаш үлгісіне қолданды. 

 "Тез трендке айналып, кейін сәннен шыққан аксессуардың бірі - моншақтан жасалған шаш қыстырғыштар. Қазір бұл аксессуарды тағу сәнді емес", - деді маман.

Көрнекі сурет: pinterest.ru 

Гардеробтан табылуы қажет киімнің бірі - футболка. Өйткені ол кез келген маусымда киюге ыңғайлы киім. Дегенмен қазір жеңі тым қысқа, сонымен қатар, түрлі декор, шілтер, түйме секілді сәндік бұйымдары бар футболкалар сәнді емес. Бұл стильдегі футболкаларды кез келген образбен, киіммен үйлестіріп кию қиын.

Көрнекі сурет: pinterest.ru 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю