Қазақ ғалымдары жаңа табиғи микротыңайтқыш ойлап тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Мақпал Бисембаева ©Мақпал Бисембаева

Қазақстанда ауылшаруашылық дақылдарының өсуін тездететін жаңа табиғи микротыңайтқыш жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба авторларының бірі, Жану проблемалары институтының аға қызметкері Сейтхан Азат баяндап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ауылшаруашылық дақылдарының өсуін тездететін жаңа табиғи микротыңайтқыш жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба авторларының бірі, Жану проблемалары институтының аға қызметкері Сейтхан Азат баяндап берді.

Ғалымның айтуынша, микротыңайтқыш бидайдың сабағынан нанотехнологияның көмегімен синтездеу арқылы алынған. "Тұқымдардың өміршеңдігін қамтамасыз ететін тыңайтқыш өнімді ерте береді, әрі өнім 20 пайыздан 40 пайызға дейін артады. Бұл препарат тұқымды суықтан, ыстықтан, тұздың кері әсерінен қорғайды. Отандық өнімнің шығуына белгілі академиктер Зұлхайыр Мансұров пен Мұрат Гильманов зор үлесін қосты", - деді Сейтхан Азат.

Табиғи шикізаттан алынған тыңайтқыштың өсімдікке ешқандай зияны жоқ. Бұл өнімнің тағы бір ерекшелігі - ол осыған ұқсас препараттарға қарағанда әлдеқайда арзан әрі қолжетімді. Препаратты қауын, қарбыз, қызылша, сәбіз, жемістер мен гүл тәрізді ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін қолдануға болады.

Айта кетейік, бұл фитомикрофертилайзер микротыңайтқышы өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай жасайтын отандық алғашқы препарат. Микротыңайтқышты алқапта, бау-бақшада немесе үй өсімдіктеріне қолдануға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer