26 қазан 2014 | 10:27

Қазақстанда электр энергиясын автоматты түрде есептейтін құралдар жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Хегай Дмитрий Хегай

Қазақстандық мамандар электр энергиясын есептеу кезінде автоматы түрде жұмыс істейтін есептеуіш құралдар жасап шығаруды ойластырып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Interactive World Kazakshtan компаниясының директоры Эдгар Хачатрян айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық мамандар электр энергиясын есептеу кезінде автоматы түрде жұмыс істейтін есептеуіш құралдар жасап шығаруды ойластырып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Interactive World Kazakshtan компаниясының директоры Эдгар Хачатрян айтты.

Автоматты жүйе абонетке электр шығынын өздігімен есептеуге мүмкіндік береді. Бұл есептеуіш құралдарды күнделікті есепті білу үшін де пайдалануға болады. Барлық ақпараттар базада сақталады. Есептеуіш құралдың бетінде әдеттегі есептеуіш құралдардағыдай сандар көрініп тұрмайды. Оны пайдалану үшін арнайы карта қажет.

Хачатрян бұл технология арқылы жарықты пайдалануға қатысты деректер бірден энергия өткізгіш компанияға келіп түсетінін айтуда.

Сондай-ақ автоматты есептеуіш құрал жарықты жеткізушілерге жарым-жартылай жарықты өшіруге де мүмкіндік береді. Мысалы, жарыққа қарызданушылардың пәтерінде жарықтың өзі сөндіріліп, тек ток көзін пайдалануға ғана рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдіс осылайша ұтымдылығын көрсетеді.

Хачатрян әзірге аталмыш құрылғыны кеңінен пайдалану Қазақстанда үйлестірмеуінін, олардың әлемдік нарықтағы бағасы  50 доллар тұратынын алға тартуда. Ал құрастырушылардың айтуынша,  қазақстандық есептеуіш құралдың құны шамамен 15-17 доллар болады. Есептеуіш құралға қажетті чиптер мен бағдарламалық орнатулар Қазақстанда жасалады. Қазір жобаның авторлары аталмыш технологияны Алматыда енгізу жөнінде келісімдер жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети