08 шілде 2021 15:54

Қазақстанда енді ЭЦҚ кілтін флеш-картамен алып жүру міндетті емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаларды (ЭЦҚ) бұлтты сақтау жүйесі қашан енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз әлі күнге дейін көптеген адам қажет жұмысын ХҚКО-на барып бітіруді жөн көретінін байқап отырмыз. Қызметтерді талдау қызмет алушылардың өтініштерінің 75 пайызын тек алты қызмет қамтитынын көрсетті. Тек 2020 жылдың өзінде 4,8 миллион азамат ЭЦҚ алу үшін келді. Бұл барлық өтініштің 30 пайызы. Цифрлық даму министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп бұлтты ЭЦҚ енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жоба ЭЦҚ алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз бұл шешім адамдарды онлайн режимге көшіреді деп күтеміз", - деді Сүйеніш Әбділдин ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, бұлтты ЭЦҚ биометриялық деректер бойынша верификация арқылы қолжетімді болады. Жүйе файл түрінде болмайды, электрондық цифрлық қолтаңбалар қашықтағы серверлерде сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети