Қазақстанда ІT-нарықтағы көшбасшы Apple iMac-қа бәсекелес бола алатын моноблог түріндегі компьютерлер шығарылады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба жетекшісі Нұржан Бөлегенов айтты.
Қазақстанда ІT-нарықтағы көшбасшы Apple iMac-қа бәсекелес бола алатын моноблог түріндегі компьютерлер шығарылады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба жетекшісі Нұржан Бөлегенов айтты.
Құрастырушыларға өзіміздің өнімді шығару идеясы жеке қажеттілігіне сатып алу керек болған соң келіпті. Олардың талабына тек iMac сәйкес болған да, ол қымбат боп шыққан. Ал соған ұқсас арзандауын шығаратын өндірушілерде жеткілікті түрде эргономика болмаған.
Бизнес-жобаның жұмысы дизайнын жасаудан басталды. Бөлегенов отандық моноблогтың Apple өніміне өте ұқсайтынын мойындады. Кейін құрылғының бір-бірінен функционалдығы мен комплектациясында ерекшеліктері бар үш нұсқасын жасауға шешім шығарады - Alpha, Beta және Gamma. Сұранысқа ең көп ие болатын моделі Gamma, жоба жетекшісінің айтуынша, iMac-қа ұқсас сипаты болады - экраны 21 дюйм болатын touch-screen, жиілігі 2,7 гигагерцке тең i5 процессор, 8 гигабайтты жедел жады, GeForce GT 720M видеокартасы мен 1 терабайттық қатты диск. Мұндай моноблогтың нарықтағы бағасы шамамен 150 мың теңге болады. Бөлегенов өнімнің бағасы оның өзіндік құнынан сәл асатынын айтты.
Құрастырушылар берген нұсқа.
Отандық компьютерлер алғашқы уақытта Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жасалады, бұл туралы құрастырушылардың келісімшарты бар. Кейін iMac аналогының өндірісін Қазақстанға көшіру жоспарланған. Бөлегеновтың айтуынша, қажетті қаржыландыру болса мұны жарты жыл ішінде жасауға болады. Қоса кетейік, бұл жоба "Бизнес-прорыв" стартаптар байқауына қатысып жатыр.