Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов оңтүстіккореялық компаниямен жаңа зауыттың құрылысы туралы жоспарды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов оңтүстіккореялық компаниямен жаңа зауыттың құрылысы туралы жоспарды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарым барысында Hyosung Heavy Industries компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Нұр-Сұлтанда Alageum Electric компаниясымен бірлесе жоғары вольтты электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт құру талқыланды", - деп жазды елорда әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.
Әкімнің айтуынша, жоба 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді екен.
"Отандық нарықтан басқа өнімдерді басқа елдерге экспорттау жоспарланған. Hyosung Corporation компаниясы - Оңтүстік Кореяның ірі холдингтерінің бірі. Негізгі қызмет түрі - генераторлар мен өнеркәсіптік жабдықтарды, трансформаторларды, тарату және тарату жабдықтарын өндіру және сату", - деп толықтырды Алтай Көлгінов.