Күн жүйесінің маңында адам өмір сүруге болатын ғаламшар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күн жүйесінің маңында адам өмір сүруге болатын ғаламшар табылды © Nature

Ғарышты зерттеп жүрген халықаралық ғалымдар тобы тіршілік көзі бар болуы мүмкін деген Проксима b ғаламшарын тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC News пен Nature журналы. Бұл ғаламшарға болашақтағы ғарыш миссиялары кезінде жетуге болады екен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышты зерттеп жүрген халықаралық ғалымдар тобы тіршілік көзі бар болуы мүмкін деген Проксима b ғаламшарын тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC News пен Nature журналы. Бұл ғаламшарға болашақтағы ғарыш миссиялары кезінде жетуге болады екен.

Ғалымдар Еуропалық обсерваторияның Оңтүстік штабының баспасөз мәслихатында Проксима b ғаламшарының Жерден сәл үлкен екенін және қашықтығы төрт жарық жылын (Жарық жылы - ұзындықтың астрономияда қолданылатын жүйеден тыс бірлігі) құрайтынын мәлімдеді. Жаңа ғаламшардың табылуы жайлы хабар обсерваторияның сайтында бар. 

Проксима b Проксима Центавра жұлдызын айналатыны хабарланып отыр. Бұл жұлдыз Альфа Центавра жүйесіне кіреді және қызыл ергежейлі екен. Ол жұлдызды 11 күн ішінде айналып шығады. 

Ғаламшардағы температурада сұйық түріндегі су бар болуы мүмкін, ал климаты өмір сүруге мүмкіндік береді. Осылайша, Проксима b Күн жүйесіндегі тіршілік етуге болатын ең жақын ғаламшар атанып отыр. 

Зерттеу авторлары ғаламшар белгілерін 2013 жылы байқағанын айтады, ал кейін оның бар-жоғын анықтаумен болыпты. Проксима b жұлдызға Жер мен Меркурийге қарағанда жақынырақ орналасқан, алайда Проксима Центавра Күнге қарағанда күңгірт жұлдыз болып шықты. 

Ғалымдар мұның үстіне ғаламшарда "тропикалық белдеу" болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл жерде су болады. Ал климатын Жердегімен салыстыруға келмейді. Мәселен жаңа ғаламшарда жыл мезгілдері ауысып отырмауы да мүмкін екенін болжайды. Осыған дейін Күн жүйесіне ең жақын деп Wolf 1061c ғаламшарын атаған еді. Ол Жерден шамамен 13,7 жарық жылы қашықтығында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети