NASA 2020 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясына туристтерді ұшырады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Happy Learning Center © Happy Learning Center

NASA 2020 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) саяхатшыларды ұшыруды қолға алады. NASA қаржы басқармасының басшысы Джефф ДеВитттің айтуынша, мұндай ғарышқа ұшудың құны шамамен 60 миллион доллар болады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

NASA 2020 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) саяхатшыларды ұшыруды қолға алады. NASA қаржы басқармасының басшысы Джефф ДеВитттің айтуынша, мұндай ғарышқа ұшудың құны шамамен 60 миллион доллар болады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

NASA туристтердің Халықаралық ғарыш станциясында 30 күн болуын қамтамасыз етеді. Мұндай саяхаттар 1 жылда 2 рет ұйымдастырылады.

"Қазір, біз 1 ғарышкер үшін 80 миллион доллар төлеп жатырмыз. Ал саяхатшылардың ұшуы бұдан арзан болады – шамамен 58 миллион доллар", – деді Джефф ДеВитт.

Оның айтуынша, соңғы бағаны туристтерді станцияға ұшырумен айналысатын компаниялар – Boeing және SpaceX белгілейді екен. Саяхатшылар аталған компанияларға ХҒС-да өткізген әрбір күні үшін 35 мың доллар төлейді.

NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті

Айта кетейік, осыған дейін Илон Маск туристтер үшін ғарыш саяхатын ұйымдастыратын мәлімдеген болатын. Аталған мәлімдемеден соң, көп өтпей Жер серігіне баруды қалайтын да табыла кеткен. Алғашқы саяхатшыны Илон Маск арнайы баспасөз өткізіп таныстырды. Айға саяхаттайтын алғашқы турист - Юсаку Маэдзава жапониялық миллиардер, коллекционер. Жапонияның ең ірі Zozo интернет-дүкенінің негізін қалаушы. Форбстың бағалауынша, жеке байлығы 3 миллиард доллар.

Айға ұшатын алғашқы турист жайлы не білеміз?

"2023 жылы ғарышқа саяхаттайтын алғашқы адам ретінде 6-8 өнер адамын менімен саяхаттауға шақырамын", - деген Маэдзаваарнайы баспасөз кезінде.

Ол Айға саяхат өнер адамдары үшін таптырмайтын шабыт көзі екенінен сенімді және ол арманының орындалуына көмектескен Илон Маск компаниясының қызметкерлеріне алғысын білдірген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro