Американың аэроғарыштық NASA агенттігі Каспий теңізіндегі "сүтті құйын" аталған аномальді процестің суретін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
Американың аэроғарыштық NASA агенттігі Каспий теңізіндегі "сүтті құйын" аталған аномальді процестің суретін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
Агенттіктің хабарлауынша, сурет тоғызыншы қаңтарда "Терра" ғарыштық аппаратынан MODIS спектрорадиометрі арқылы түсірілген.
"Жел теңіздің бетіндегі суды сапырылыстырып, түбіндегі шөгінділерді көтереді, сөйтіп, теңіздің жағасына жақын бөліктеріне сүттің реңін береді. Ғалымдар табиғаттың бұл құбылысын түсінбей әлек және оны зерттеп көрмекші, себебі ол балық аулауға кері әсер етеді", - делінген жарияланымда.