NASA Марстан панорама жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

NASA Марстан панорама жариялады видеодан үзінді

NASA Марстан 360 градус видеопанорама жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ғарыш агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

NASA Марстан 360 градус видеопанорама жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ғарыш агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қысқа ғана видеороликті америкалық Curiosity марскезушісі жариялады. 2018 жылы 19 желтоқсанда марскезуші түсірген видеоны ғарыш агенттігі панорама негізінде монтаждаған. Құрылғы Эолида тауында орналасқан Вера Рубин үстіртінен түсірілген. Ол осы аймақты бір жылдан аса зерттеген. 

Қайтар кезінде маркезуші Rock Hall үстіртінде соңғы бұрғылау аймағында 360 градус панорама түсірген. Curiosity құрылғысы келесі жылы осы аймақтағы лай мекенді зерттейді. 

Айта кетейік, видеоны қарау кезінде, тышқанның шүрпесі арқылы көріністі кез келген бағытта қозғалтуға болады. 

Curiosity 2012 жылы Марстың Гейл кратеріне қонған еді. Онда ол ғаламшардың геологиялық тарихын білу үшін топырағын зерттеуді бастаған. 

Марстағы Curiosity миссиясының негізгі міндеттері егжей-тегжейлі геологиялық және геохимиялық зерттеулер жүргізу, ғаламшардың атмосферасы мен климатын зерттеу, суды немесе оның болғаны болмағанын анықтау, органикалық заттарды іздеу болып табылады. Бұл деректер Марстың бір кездері өмір сүруге жарамды екенін және онда қазір өмір сүруге жарамды орындардың бар жоғын анықтауға көмектеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети