NASA "ұшатын тәрелкені" сынақтан өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

NASA "ұшатын тәрелкені" сынақтан өткізді Low-Density Supersonic Decelerator LDSD аппараты. ©РБК

"Ұшатын тәрелкеге" ұқсайтын Low-Density Supersonic Decelerator LDSD аппараты сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы NASA-ның хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РБК. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ұшатын тәрелкеге" ұқсайтын Low-Density Supersonic Decelerator LDSD аппараты сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы NASA-ның хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РБК. 

Реактивті двигательмен, үрлемелі баяулатқышпен және парашютпен жабдықталған аппарат Гавайи штатындағы Кауаи аралында орналасқан зымыран полигонынан ұшырылды. Сынақ жер атмосферасында жүргізілді, өйткені, мамандардың айтуынша, оның Қызыл ғаламшардағы жағдаймен ұқсастығы бар.

Аппарат ұшырылғаннан кейін гелий толтырылған әуе шарымен бірнеше сағат бойы 36,5 шақырым биіктікке көтерілді. Содан кейін зымыран двигательдері іске қосылды, оның көмегімен аппарат 54,9 шақырым биіктікті тағы бағындырды. "Тәрелке" 3,8 Мах жылдамдықпен қозғалған. Кейін арнайы тежеу механизмі іске қосылып, оның жылдамдығы 2,5 Махқа дейін бәсеңдеді. Алып парашюті іске қосылғаннан кейін аппарат біртіндеп төмендей бастады. 

Бұған дейін LDSD аппаратын ұшыру мерзімі сөре алаңы ауданындағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған. "Тәрелке" келешекте ғарыш кемелерінің Марсқа қонуына көмектесетін болады деген жоспар бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети