Плутонға ұшып барған зонд Жерге "телефон соқты"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Nasa ©Nasa

Жерден 6 миллиард шақырымдағы Плутонға ұшып барған америкалық New Horizons ғарыш аппаратынан қоңырау соғылды. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарланып отыр. "Автоном жүйесі барлығының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын қуана хабарлайды", - деп хабарлады зонд. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жерден 6 миллиард шақырымдағы Плутонға ұшып барған америкалық New Horizons ғарыш аппаратынан қоңырау соғылды. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарланып отыр. "Автоном жүйесі барлығының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын қуана хабарлайды", - деп хабарлады зонд. 

Таяуда NASA шағын ғаламшардың және оның серігі Харонның тұңғыш сапалы суреттерін жариялаған еді. Оны New Horizons аппараты түсірді. Таяуда агенттік Плутонның нақтыланған суреттерін жариялауға уәде беріп отыр.

Плутонның тұңғыш сапалы суреті. © instagram.com/nasa


Плутонның түссіз суреті. © instagram.com/nasa


Плутон мен оның серігі Харон. © instagram.com/nasa

Шағын ғаламшар Жерден 6 миллиард шақырым қашықтықта тұр. © instagram.com/nasa

New Horizons миссиясы тарихи маңызға ие оқиға аталып отыр, себебі адамзат галактиканың түкпіріндегі ғаламшарға тұңғыш рет жетті. Ғалымдардың айтуынша, зонд Күн жүйесінің пайда болу тарихын білуге мүмкіндік береді.


© nasa.gov


NASA қызметкерлері сәтті болған New Horizons миссиясын тойлап жатыр. © nasa.gov

New Horizons берген ақпараттың арқасында, ғалымдар Плутонның диаметрінің бұған дейін саналып келген өлшемінен 80 шақырымға үлкенірек екенін және ғаламшардың бетінің қызыл-қоңыр екенін анықтады. Ғарыш денесінің солтүстік полюсі азот пен метан мұзды поляр қалпағымен жабылған. Плутонның іші де мұзды.

NASA ғарыш агенттігінің 2006 жылы ұшырылған New Horizons зонды Плутонды және оның табиғи серігі Харонды зерттеуге арналған. Бұған дейін Плутонның суреттерін Hubble ғарыш телескопынан алынып келген, алайда бұл суреттер ғаламшардың қандай екенін көрсете алмайтын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro