Қазақстан өз суперкомпьютерін шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өз суперкомпьютерін шығарды ©Ярослав Радловский

Ғарыш техникасы және технология институты мен ҚР Ұлттық инженерлік академиясы жұмыс істеу мүмкіндігі 3,5 және 10,5 терафлопсқа тең өзінің ISTTHPC 2000 суперкомпьютерін жасап шығарды және сынақтан өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құрылғы NVIDIA CUDA компаниясының графикалық чиптер базасында жасалған. Мамандардан жасақталған тест кезінде ол компьютер 2,74 терафлопс деңгейінде жұмыс істей алатындығын көрсеткен. Жұмыс істеу барысында ол өзіне қажетті әр ватқа 1,71 гигафлопсты пайдаланған. Алдағы уақытта суперкомпьютерлердің жекелеген түрінен бастап, кластерлі жоғары өндіруші гибритті өзіндік тәжірибелі жүйесін ұйымдастыру жоспарлануда. Айта кетейік, Қазақстанда бұдан басқа да  суперкомпьютерлер бар. Алайда өзімізде бар төрт қондырғы шет елдерде жасалған болатын.

Мамандар мұндай суперкомпьютерлерді мұнай-газ кен орындарын модельдеуге қолдануға болатынын айтуда. "Жоғары өндірісті анықтау заманауи ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бөлігі. Ал оларды қолдану биология, химия, физика, гидродинамика және басқа да ғылымның жылдам дамуына байланысты болып отыр. Суперкомпьютерлер кез келген елдің инновациялық дамуының негізі", - деді суперкомпьютерді құрастырған топтың жетекшісі Дәулет Ахмедов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети