Қазақстанда жасалған құрылғы электр қуатын 40 пайызға үнемдейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жасалған құрылғы электр қуатын 40 пайызға үнемдейді @Vk.com

Алматыда электр қуатының шығынын бақылауға болатын розетка жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне EcoSocket стартап авторларының бірі Санжар Мырзағалым айтып берді. Оның айтуынша, осы құрылғыны пайдалану арқылы электр қуатын 30-40 пайызға дейін үнемдеуге болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда электр қуатының шығынын бақылауға болатын розетка жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне EcoSocket стартап авторларының бірі Санжар Мырзағалым айтып берді. Оның айтуынша, осы құрылғыны пайдалану арқылы электр қуатын 30-40 пайызға дейін үнемдеуге болды.

Жоба авторларының айтуынша, құрылғы қарапайым розеткаға орнатылады, ал оған тұрмыстық техникалар қосылады. Бұл схема үйдегі электр шығынын бақылап, керек кезде қуат көзін ажыратып отыруға мүмкіндік береді. Құрылғыны ұялы телефон арқылы қашықтан басқара беруге болады. Телефон арқылы басқару Wi-Fi роутері арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде, үй иесі розетканы роутер арқылы телефонға жалғап, онымен үйден алыста отырып-ақ жұмыс істей алады. 

Осылайша электр қуатын үнемдеу, керек емес кезде электр қуатының көзін эко-розетка арқылы ажыратып, артық шығыннан арылуға алып келеді. Мырзағалымның айтуынша, ток көзіне жай жалғанып тұрған кездің өзінде қысқа толқынды пеш 8-10 ватт, теледидар 15 ватт қуат жейді. Интелектуалды розетканы тұрақты пайдалану арқылы айына 1000 теңге үнемдеуге болады.

Әзірлеушілер розетканың бірнеше түрін жасап үлгерді. Құрылғылардың барлық түрінің негізгі мақсаты - электр қуатын үнемдеу, бірақ олар бір-бірінен габариттері мен техникалық жабдықталуы жағынан ерекшеленеді. Мырзағалым мұндай құрылғылардың алғашқы шағын топтамасы 2015 жылдың жазында шығарыла бастауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети