©Tengrinews.kz
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы бар "Союз ТМА-12М" басқарылатын ғарыш кемесі сәтті ұшырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Бірақ кеменің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 28 наурызға қалдырылды. "26 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 03.17-де Байқоңыр ғарыш айлағынан №047 "Союз-ФГ" зымыран тасығышы бар №712 "Союз ТМА-12М" басқарылатын көліктік ғарыш кемесі ұшырылды. Зымыранның ұшырылымы штаттық бағдарлама бойынша өтті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Айта кетейік, "Союз" кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов пен Олег Артемьевті және америкалық астронавт Стивен Суонсонды жеткізуі тиіс. Ғарыш кемесі әуеліде Мәскеу уақыты бойынша сағат 07.04-те станцияға түйіседі деп жоспарланған еді. Бірақ кейін түйісу уақытының ауыстырылғаны хабарланды. "РИА Новости"-дің алдын ала мәліметі бойынша, экипаж станцияға шамамен 28 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша 03.58-де жетуі тиіс. Түйісудің кейінге қалдырылуына кеменің бағдарлау жүйесіндегі ауытқу себеп болған. "26 наурыз күнгі сағат 07.00-дегі мәлімет бойынша "СОЮЗ ТМА-12М" ғарыш кемесінің экипажы (Александр Скворцов, Олег Артемьев және Стивен Суонсон) белгіленген бағдарлама бойынша ұшуды орындап жатыр. Экипаждың жағдайы жақсы, олардың өмір сүру ортасының параметрлері қалыпты жағдайда. Экипаж скафандрларын шешті және жоспарлы режимде ұшуды жалғастырып жатыр", - деп хабарлады "Роскосмос". Ғарышкерлер Жерге 2014 жылдың 11 қыркүйегінде оралуы керек. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, ұшырылымға байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын залалсыздандыру үшін Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының апаттық-құтқару күштері мен құралдары күшейтілген дайындыққа келтірілген.
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы бар "Союз ТМА-12М" басқарылатын ғарыш кемесі сәтті ұшырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Бірақ кеменің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 28 наурызға қалдырылды.
"26 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 03.17-де Байқоңыр ғарыш айлағынан №047 "Союз-ФГ" зымыран тасығышы бар №712 "Союз ТМА-12М" басқарылатын көліктік ғарыш кемесі ұшырылды. Зымыранның ұшырылымы штаттық бағдарлама бойынша өтті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, "Союз" кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов пен Олег Артемьевті және америкалық астронавт Стивен Суонсонды жеткізуі тиіс. Ғарыш кемесі әуеліде Мәскеу уақыты бойынша сағат 07.04-те станцияға түйіседі деп жоспарланған еді. Бірақ кейін түйісу уақытының ауыстырылғаны хабарланды. "РИА Новости"-дің алдын ала мәліметі бойынша, экипаж станцияға шамамен 28 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша 03.58-де жетуі тиіс. Түйісудің кейінге қалдырылуына кеменің бағдарлау жүйесіндегі ауытқу себеп болған.
"26 наурыз күнгі сағат 07.00-дегі мәлімет бойынша "СОЮЗ ТМА-12М" ғарыш кемесінің экипажы (Александр Скворцов, Олег Артемьев және Стивен Суонсон) белгіленген бағдарлама бойынша ұшуды орындап жатыр. Экипаждың жағдайы жақсы, олардың өмір сүру ортасының параметрлері қалыпты жағдайда. Экипаж скафандрларын шешті және жоспарлы режимде ұшуды жалғастырып жатыр", - деп хабарлады "Роскосмос".
Ғарышкерлер Жерге 2014 жылдың 11 қыркүйегінде оралуы керек.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, ұшырылымға байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын залалсыздандыру үшін Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының апаттық-құтқару күштері мен құралдары күшейтілген дайындыққа келтірілген.