Spaceplane ғарыштық ұшағының түптұлғасы сынақтан өткізілуге дайындалуда

viewings icon 128 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет dailytechinfo.org сайтынан Сурет dailytechinfo.org сайтынан

Spaceplane ғарыштық ұшағының түптұлғасы сынақтан өткізілуге дайындалуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz dailytechinfo.org дерек көзіне сілтеме жасап. EADS (European Aeronautic Defence and Space Company) компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын Еуропалық Airbus Group аэроғарыштық компаниясы гибридті ұшу аппаратының түптұлғасын сынақтан өткізуге кірісуде. Машина ұшақ иесінің көмегінсіз-ақ 100 шақырымнан жоғары биікке көтеріліп, біраз уақыт сонда болып, содан соң жерге қайтадан қона алады де болжануда. Қазір түптұлға жүйесіне жердегі басқару орталығымен байланысып тұратын авиация электроникаларын, авионикаларды орналастыру жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталған соң, 2014 жылдың мамыр айына қарай Spaceplane ғарыштық ұшағының түптұлғасы тікұшақтың көмегімен үш шақырымдық биіктікке көтеріледі де, одан әрі жеке өзінің алғашқы жоспарлы сапарына жол шегеді. Егер бұл сынақ сәтті өтсе, келесі жоспарлы ұшырылу сапары алдағы жылы жүргізіледі. Бірақ екінші жолы 30 шақырым биіктіктен жүзеге асырылады. Бұл биіктікке ұшу аппараты стратостаттың (биіктіктік әуе шарының) көмегімен жеткізілмек. Егер екі сынақ та сәтті өтсе, онда Airbus компаниясы бірінші толыққанды Spaceplane ғарыштық ұшағының түптұлғасын жасауға кірісуді жоспарлап отырған көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Spaceplane Airbus Group ғарыштық ұшағын жасау туралы ой 2004 жылы Virgin Galactic компаниясы ғарыш кеңістігіне қосалқы орбиталарды ұшыруға қатысты жоспарларын жариялағаннан кейін, бір жылдан соң туындаған. Бірақ кейіннен Space Jet ғарыштық ұшағының түптұлғасы жобасы инвесторлардың жоқтығынан аяқсыз қалған. Алайда 2012 жылы Airbus компаниясы мен Сингапурдың Hope Technik фирмасы арасында келісімшарт жасалып, соның аясында нақты мөлшерінен 1:4 масштабында болашақ ғарыштық ұшақтың түптұлғасы жасалған болатын. Ұзындығы 4,6 метр болатын бұл түптұлға бірінші рет 2014 жылдың 11-16 ақпан аралығында өткен Сингапур авиашоуында көпшілікке ұсынылған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

Ауа райы

location-current
Алматы
22°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю